• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 23:29:27
Алматы
+12°

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның мәжіліс депутатты ретіндегі өкілетін тоқтатып, оның дереу отставкаға кетуін талап еткен петиция іске қосылды.

"Елбасының үлкен қызы Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуі мүмкін деген мәселе көптен бері күн тәртібінде тұрған, бірақ Назарбаева Орталық сайлау комиссиясына ресми өтініш берген жоқ. Көмекшісінің айтуынша, ол коронавируспен ауырғаннан кейін еңбек демалысында. Кейбір ақпарат көздері оның Дубайда екенін айтты. Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін талап етеміз!" делінген петицияда.

Дариға Назарбаева қаңтардағы халық наразылығынан бері мәжілістегі жиындарға келген жоқ. Қаңтардың басынан бері көпшілік алдына да шықпады. Ресми ақпарат бойынша ол ақысыз демалыста. Коронавирус жұқтырып, Алматыдағы үйінде емделіп жатыр. Бейресми ақпараттарды ол Дубайда екені айтылады. Ол 28 қаңтарда "Nur Otan" партиясы саяси кеңесі құрамынан шығарылған.

10 қаңтарда депутат Айдос Сарым Дариға Назарбаева өз еркімен өтініш жазып, отставкаға кетуі керек екенін айтқан.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дариға Назарбаева

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір