25 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Имашевті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымынан босатылды" делінген хабарламада.
Берік Имашев 1960 жылы 7 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Ломоносов атындағы ММУ "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген.
2000-2001 жылдары Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің төрағасы болып жұмыс істеді. 2001-2003 жылдары - Астана қаласының адвокаттар алқасының мүшесі. ОСК басшысы болып 2016 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді. 2003-2005 жылдары Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2005-2007 жылдары - Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болды. 2008-2012 жылдары - Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы. 2012 жылдан 2016 жылға дейін әділет министрі қызметін атқарды.
Берік Имашев сенатор экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы. Н.Назарбаевтың жиені Нұрали әлиев Берік Имашевтың қызы Аида Имашеваны алған.
Елдегі жаппай тәртіпсіздікке ұласқан халық наразылығы кезінде Қауіпсіздік кеңесі президентке өткелі Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын адамдары қызметтен шеттетіліп жатыр.
Бұған дейін Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы қызметінен кеткен.
Сондай-ақ президент Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
15 қаңтарда Назарбаевтың тағы екі күйеу баласы – "ҚазТрансОйл" АҚ басқарма төрағасы Димаш Досанов пен "ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев қызметтерінен босатылған.
Димаш Досанов – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның, ал Қайрат Шәріпбаев – үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі.
18 қаңтарда ҚТЖ – жүк тасымалы бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әлжан Имашев қызметінен кеткен болатын. Ол Берік Имашевтің ұлы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір