08 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті кинорежиссер, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері Сатыбалды Нарымбетовтің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Сатыбалды Жәлелұлы қазақ киносында өзіндік қолтаңбасы бар, суреткерлік шеберлігін ұдайы шыңдап отыратын дарынды режиссер еді. Қоғамдағы күрделі өзгерістерді, заманның жаңарған келбетін экран арқылы көрсете білді.
Шығармашылық ізденістер нәтижесінде дүниеге келген әрбір туындысы сыншылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағасын алды. Сондай-ақ әр жылдары жарық көрген кітаптарын оқырмандар жылы қабылдады.
Отандық кино өнерін және рухани-мәдени саланы дамытуға мол үлес қосып, соңына жарқын із, өшпес мұра қалдырған Сатыбалды Жәлелұлының есімі мен бейнесі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын" делінген жеделхатта.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір