22 Маусым, 2021 Ақтөбе облысы
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жеткізді.
Оңдасын Оразалин: «Денсаулық сақтау саласы анағұрлым өзектірек. Бүгінде облыстағы жағдай тұрақты. Өңір «жасыл аймақта. Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясының 11,5 мың жағдайы тіркеліп, 11,1 мың науқас жазылып шықты. Өкінішке қарай, жыл басынан бері өліммен аяқталған 160 жағдай тіркелді»,- деп мәлімдеді.
Өңірдегі аурухана төсектерінің жүктемесі 33,5% құрайды, оның ішінде реанимациялық төсек-орын - 12,7%.
Халықты вакцинациялау сұрағы ерекше бақылауда. Осы жылдың ақпан айында облысқа СOVID-19-ға қарсы екпенің 200 мыңнан аса мөлшері әкелінді. Бүгінде 100 мыңнан аса адам бірінші, 55 мыңнан аса адам екінші компонентпен егілген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір