11 Мамыр, 2021 NEWS
Фото: news.myseldon.com
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге жеделхат жолдады. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.
"Қазан қаласындағы №175 мектепте болған қайғылы оқиға салдарынан балалар мен ересектердің қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын" делінген жеделхатта.
11 мамырда Татарстанның Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам оқ жаудырған болатын. Салдарынан 13 адам қайтыс болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір