• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 19:49:13
Алматы
+12°
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысына бірқатар тапсырма берді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 
 
– Біріншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды барлық деңгейде тиімді жүргізу үшін кешенді жұмыс атқару қажет. Мұндай шаралар қылмыстық қудалау әрекетімен ғана шектелмеуі керек. Ондай тәсілдің кері әсері болады. Мемлекеттік аппарат шешім қабылдаудан тартынып, бюрократияға бой алдырады және лауазымды тұлғалар жеке жауапкершілік алудан жалтарады. Агенттік жұмыс барысында жіберілетін қателіктерді қасақана жасалған қылмыстардан ажырата білуге тиіс. Сондай-ақ кінәлі адамды қылмыстың барлық құрамы болған кезде ғана жауапқа тартуы қажет, – деді Тоқаев 
 
Президент қазіргі таңда "Қоғамдық бақылау туралы" заң дайындалып жатқанын мәлім етті. Бұл құжат мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуді көздейді.
 
– Осы заң жобасының әлеуетін барынша пайдаланып, қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет. Қылмыстық жолмен алынған мүлікті іздестіру және тәркілеу ісіне баса мән берген жөн. Бұл "Ақшаның ізімен жүру" деген қағидасы "follow the money" деп аталады. Қылмыстық жолмен алынған дүние-мүлікті тәркілеу жөніндегі бұлжымас қағидат сыбайлас жемқорлыққа қатысты кез келген іс-әрекеттен аулақ болуға ынталандыруға тиіс. Бұл жұмысты Агенттік қаржы мониторингі органдарымен бірлесіп атқаруы керек, – деді ол.
 
Қазір  Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізіліп жатыр. Бұл модель айыптаушылық ұстанымды бәсеңдетіп, қылмыстық процеске заңсыз араласуды болдырмайды. 
 
– Агенттікке өз қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне бейімдеуді тапсырамын. Жалпы халықаралық озық тәжірибені ескеріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды енгізуді жалғастыра берген жөн. Қоғам, бизнес және инвесторлар сыбайлас жемқорлық қысымынан сақтайтын мықты қорған бар екенін сезінуге тиіс, –деді Тоқаев 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір