• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 22:40:47
Алматы
+12°

Мемлекеттік Елтаңбаның, Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің авторы, сәулетші, ақын, ғалым әрі қоғам қайраткері Шота Уәлиханов қайтыс болды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан көрнекті сәулетші, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.

Ш. Ыдырысұлы саналы ғұмырын сүйікті ісіне арнап, мағыналы өмір сүрген өз ортасына сыйлы, болмысы бөлек жан еді. Ол халқымыздың тарихындағы ардақты тұлғалардың ескерткішін жасап, ер есімін ел арасында ұлықтауға, сәулеті көз тартар ғимараттардың бой көтеруіне сүбелі үлес қосты. 

Сегіз қырлы, бір сырлы ағамыз еліміздің сәулет және бейнелеу өнерінің өзекті мәселелерін көтерген көптеген ғылыми мақаламен қатар бірқатар драмалық шығарма жазды. Олардың қатарында "Тағдыр", "Шоқанның анты", "Ақнұр", "Шоқанның ақ түндері", "Террор" атты пьесасы бар.

Ғибратты азаматтың асыл бейнесі, ерен еңбегі туған-туыс пен қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады" делінген хабарламада.

Шот-Аман (Шота) Ыдырысұлы Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Көкшетау өңіріндегі Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген.

Казгородок (қазіргі Сырымбет) орта мектебін күміс медальмен тәмәмдаған Шота Уәлиханов 1950 жылы Мәскеу сәулет институтына оқуға түсіп, оны 1956 жылы бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы "Казгорстройпроект" мемлекеттік жобалау институтында сәулетші болып бастаған.

 

Шота Уәлиханов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір