• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 09:59:58
+12°

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты БАӘ-нің президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянға және БАӘ-нің вице-президенті, премьер- министрі, Дубай билеушісі Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумге көңіл айту жеделхаттарын жолдады. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.

"Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның өмірден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым.

Осы қаралы күнде қайғыларыңызға ортақтаса отырып, сіздерге және барша Әмірліктер халқына көңіл айтамын.

Шейх Хамдан өзінің саналы ғұмырын халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Ол Біріккен Араб Әмірліктері құрылған уақыттан бері жауапты лауазымдарды атқарып, мемлекеттің гүлденуіне қосқан елеулі үлесі арқылы ел тарихында өшпес із қалдырған Отанының көрнекті перзенті. Сондықтан оның жарқын бейнесі Әмірліктер халқының жүрегінен өшпес орын алатынына сенімдімін" делінген жеделхатта.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір