• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 15:46:30
Алматы
+12°

"Қара бүркіт" деп аталатын ерекше қауіпті қылмыскерлерге арналған колонияға әділет подполковнигі Нұрбек Қабдікәрімов басшы болып тағайындалды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Ол 1982 жылы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Ол құқық қорғау органдарында 2000 жылдан бастап жұмыс істейді. Соңғы қызметі – Қостанай қаласының "УК-161/1" РМУ басшысының орынбасары.

Осы жылдың тамыз айының соңында "Қара Бүркіт" колониясының бастығы Арман Әбілевтің қамауға алынған. Ол "сотталғандарды қанатының астына алып, жалпы қамқорлық танытқаны" үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

"Қара Бүркіт" – Қостанай облысы ҚАЖ төтенше қауіпсіздік мекемесі. Мұнда аса қауіпті қылмыскерлер жазаларын өтеп жатыр.

2012 жылы 14 әріптесін өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Владислав Челах осы колонияда жазасын өтуде.  Одан бөлек, 10 адамның өліміне, сондай-ақ 3 азаматты өлтіруге оқталған террористік акт жасағаны үшін 68 жылға, кейін өмір бойына бас бостандығынан айыруға және өлім жазасына кесілген Руслан Күлекбаев та осында отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қара бүркіт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір