• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:19:06
Алматы
+12°

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей думасының депутаттары Вячеслав Никонов, Евгений Федоров, Владимир Жириновскийдің Қазақстан мемлекеттілігі туралы айтқан даулы мәлімдемелеріне пікір білдірді.

"Ресей Федерациясының конституциясына сәйкес, елдің сыртқы саясатын президент айқындайды" делінген Песковтың КазТАГ агенттігіне берген жауабында.

Бұған дейін Ресей мемлекеттік думасының депутаты Вячеслав Никонов "Қазақстан аумағы Ресей тарапынан жасалған үлкен сый" деп мәлімдеген. Депутат сөзі Қазақстанда қызу талқыланып, Қазақстан сыртқы істер министрлігі депутатқа наразылық нота жолдаған. Ұзамай тағы бір Ресей депутаты Евгений Федоров "Қазақстан Ресейге өз аумағын қайтаруға тиіс" деп, Қазақстан территория Ресей тарапынан жасалған сыйлық екеніне меңзеп, оны сыйға берілген көліктің мысалында түсіндіруге тырысқан. Артынша Алматыда туған Ресей депутаты Владимир Жириновский Никонов сөзін қолдайтынын жеткізіп, "тұтас Қазақстан Ресейдікі" деп мәлімдеді.

Ресей дупутаттарының мұндай мәлімдемелері Қазақстанда қарсылық толқынын тудырды. Әлеуметтік желіде азаматтар депутаттарға наразылықтарын білдіріп жатты.

Сыртқы істер министрлігінен бөлек, депутаттар да мәселе бойынша ұстанымдарын білдірді.

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Вячеслав Никоновты "арандатушы" деп атаса, сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед Никонов мәлімдемесіне "Бұл – саяси жауапсыздық қана емес, берік достық қарым-қатынас орната білген миллиондаған қазақ пен орыстың тарихи танымын қорлау" деп баға берген.

Ал саясаттанушы, бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев дума депутаттарының мұндай мәлімдеме жасауы "өте түсініксіз", мәселеге президент Тоқаев араласпаса болмайды" деп айтқан.

Саясаттанушы Досым Сатпаев "егер Қазақстан өзін құрметтемесе, өзгелер де құрметтеуді қояды" деп, Қазақстан билігін батыл қадамдарға баруға шақырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір