• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 03:12:12
Алматы
+12°

Шымкент қаласы және Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстарында карантин шаралары күшейтіледі. Бұл туралы облыстардың бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Тулебаев карантинді күшейтуге қатысты жаңа қаулы шығарды.

"Шымкент қаласының аумағында 7 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап 21 желтоқсаны сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын" делінген қаулыда.

 Жаңа қаулыға сәйкес: 

  • қоғамдық тамақтану нысандары және сауда-ойын-сауық кешендерінің жұмысы, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін шектеледі;
  • салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (банкет, той, еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық);
  • Ашық алаңдағы кинотеатрларда арнайы санитарлық талаптар қатаң сақталуға тиіс.

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Х. Илюбаев коронавирус инфекциясының алдын-алу үшін қаулыға жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Карантин шаралары 04 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап 17 желтоқсан сағат 00:00-ге дейін ұзартылады.

Қаулыға сәйкес:

  • Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекаралары сақталуы керек;
  • корпоративтік, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралардың өткізілмеуі бақыланады;
  • 65 жастан асқан адамдарға және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына бірінші кезекте қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізумен айналысатын волонтерлердің жұмысын жалғастыруына рұқсат етіледі;
  • кіреберіс, лифті, паркингтерде дезинфекция жұмыстары жүргізіледі;
  • санитарлық талаптарды сақтай отырып халықтың көшеде және скверлерде, саябақтарда, алаңдарда, жағалауларда, серуендеу аймақтарында жүріп-тұруларына рұқсат етіледі;

Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина карантин шаралары туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулыға сәйкес:

  • азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарын сатып алу үшін сыртқа шығуға рұхсат;
  • шұғыл жағдай бойынша медицина мекемесіне баруды қоспағанда, барлық тұрғындарға, әсіресе 65 жастан асқан адамдарға аса қажетті себептерсіз үйлерінен сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін шықпау ұсынылады.

Сондай-ақ санитар бекеттерде төмендегі санаттағы тұлғаларға облыстан кедергісіз кіріп/шығуға рұқсат етіледі:

  • медицина көрсеткіштері бойынша кіретін және шығатын адамдар;
  • транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылары;
  • вахта қызметкерлерін тасымалдайтын көлік құралдары;
  • COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларына тартылған көліктер мен адамдар, ұйымдар;
  • тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындар (оның ішінде жабдықтарды баптау бойынша сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін кәсіпорындар), көліктер мен адамдар, ұйымдар;
  • азық-түлік емес дүкендердің қызметі, демалыс күндері сағат 09:00-ден 20:30-ға дейін;

Қостанай облысының бас санитар дәрігері В. Нечитайло елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып карантин шараларын күшейтті.

"14 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап Қостанай облысы елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасы мүшелерімен уақыт бойынша шектеусіз жүріп-тұруына рұқсат беріледі" делінген қаулыда.

Қаулыға сәйкес:

  • облыста тұрғындардың жүріп-тұруы сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін шектеледі;
  • сауда кешендерінің, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, азық-түлік емес дүкендердің қызметіне рұқсат беріледі;
  • бассейндердің қызметіне алдын ала жазылу бойынша рұқсат беріледі;

Қаулы 2020 жылдың 09 қараша сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 14 желтоқсан сағат 00:00-ге дейін қолданылады.

Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері М.Арыспаев тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының алдын алу үшін жаңа қаулысын шығарды.

Қаулыға сәйкес: 

  • БҚО елді мекендерінің аумағында халықтың қозғалысы сағат 00:00-ден 6:00-ге дейін шектеледі;
  • Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, жаңа жылдық іс-шараларды сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • коронавирус инфекциясының алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 50%-ы "қашықтықтан" жұмыс түріне ауысады;
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін істейді;
  • сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар, ЅРА орталықтарына (салондар) алдын ала жазылу бойынша қабылданады.

Қаулы 2020 жылдың 9 желтоқсанында заңды күшіне енеді.

Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов карантиндік жаңа шектеу шаралары 10 желтоқсан сағат 7:00-ден бастап күшіне енетінін ескертті.

Қаулыға сәйкес: 

  • 50-ден аса отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілерінің (асхана, дәмхана, кофе, мейрамханалардың және басқа да мекемелердің) жұмысы тоқтайды;
  • Қоғамдық көліктің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылады;
  • Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан артық жүруге тыйым салынады;
  • 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу қойылады;
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы 09:00-ден 18:00-ге дейін, ал демалыс күндері 9:00-ден 15:00-ге дейін істейді.

Қызылорда облысының бас санитар дәрігері А.Абдикаимова карантин шаралары туралы №28 қаулысына өзгерістер енгізгенін мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір