08 Желтоқсан, 2020 Ақтөбе облысы
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңір тұрғындарын кезекті рет қабылдап, мәселелерін тыңдады. Аймақ басшысының қабылдауына келгендер жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікпен айналысуға қолдау көрсету, тұрғын үй, әлеуметтік, денсаулық, құқықтық т.б мәселелер бойынша сауалдар жолдады. Азаматтардың түрлі бағыттағы сұрақтарына мұқият құлақ асқан облыс әкімі мәселелердің заң аясында шешілуін қамтамасыз етуді қала әкіміне және тиісті басқарма басшыларына тапсырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір