• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 04:50:39
Алматы
+12°

07 Желтоқсан, 2020 Барлық аймақтар

ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысы қайта жанданды

Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда 137  өзіне-өзі қызмет көрсету орталығы іске қосылды.

Фото: azh.kz

Елде жарияланған төтенше жағдайдан кейін жұмысын бастаған қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарында коронавирус пандемиясына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысы шектелген. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тапсырмасымен бұл аймақтардың жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бүгінде республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда 137  өзіне-өзі қызмет көрсету орталығы іске қосылды. Онда азаматтарға кеңес беру үшін мыңнан астам қызметкер тартылды. Келушілер ондағы компьютерлер арқылы керекті анықтамалар мен электронды қызметтерді өз беттерінше ала алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторындағы ең көп алынатын қызметтерге ЭЦҚ рәсімдеу, соттылықтың болуы/болмауы туралы, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің есебінде болмау туралы анықтамалар алу, тұрғылықты жер бойынша тіркелу және емханаға тіркелу кіреді.
 
Естеріңізге сала кетейік, карантин кезінде электронды қызметтерді алу үшін қалалардағы сауда орындары, жоғары оқу орындары, қала әкімдігі сияқты азаматтар көп баратын жерлерде 700-ден астам egov бұрыштары іске қосылған. Онда компьютер немесе интернет байланысы жоқ азаматтар қажетті анықтамалар мен қызметтерді рәсімдейтін. Аталған бұрыштар әлі де қызметін жалғастырады.
 
Бұған дейін тегін алуға болатын электронды қызметтерді ақылы түрде ұсынатын мекемелердің жұмысына байланысты азаматтардың шағымы көбейген. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы олардың жұмысына еш қатысы жоқтығын және анықтамаларды алу үшін бөгде азаматтарға жеке мәліметтерді ұсыну қауіпті екенін ескертеді.  
 
Мемлекеттік корпорация қайта жанданған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында барлық санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өздігінен қызмет алушыларға бетперде тағып, арақашықтықты сақтау қажеттігін еске салады.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ХҚКО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір