24 Қараша, 2020 NEWS
Getty
TRT арнасы ағылшын тілінде видео жариялап, "Борат" фильмінің Қазақстан туралы жалған ақпараттар таратқанын әшкереледі. Бұған дейін "Бораттың" Қазақстан туралы кейбір шындыққа сай келмейтін ақпаратын CNN, Нью-Йорк Таймс сияқты Батыс басылымдары жариялаған.
TRT арнасының ақпаратынша, "Борат" фильміндегі жалған ақпараттардың бірі – Қазақ елін өте күшті антисемитизмдік мемлекет ретінде сипаттауы. TRT арнасы "Саша Коэн Батыс жұртының Қазақстан туралы ақпараттарды толық білмейтінін пайдаланып ағылшын тіліндегі "Борат" фильмінде Қазақстанды антисемитистік ел ретінде көрсеткен. Дегенмен бұл мүлде шындыққа жанаспайды" деген. Арнаның ақпаратынша, Саша Коэн Қазақстанды діни ел сияқты сипаттап, еврейлерге қарсы республика ретінде көрсеткісі келген, дегенмен арна оның жалған ақпарат екенін айтқан. Видео Қазақстан керісінше еврейлерге көмектескенін, екінші дүниежүзілік соғыстағы Холокост кезінде 1940 жылдары мыңдаған еврейлердің Қазақстаннан пана тапқанын жариялаған. Қазақстанда өркендеген еврей қауымдастықтары бар екенін, жиырмадан астам ервей ұйымдары мен мектептердің жұмыс жасап жатқанын тілге тиек еткен.
"Борат" фильмі оған қоса Қазақстанды "әйелдерді жануар ретінде бағалайтын ел" деп көрсеткен. Дінге басымдық берген елдің сипаттарын қолданып, Қазақстанды гендерлік дискриминациялық ел ретінде көрсетуге тырысқан. Ағылшын тілділердің Қазақстан туралы жақсы білмейтінін және ел атауының соңындағы "стан" деген жалғауға байланысты стереотипті пайдаланып, фильмді Батыс жұртында табысты түрде насихаттаған. Дегенмен, TRT арнасы Қазақстандағы әйел спортшыларды, саясаткерледі мысалға келтірген және әйелдер жалпы қоғамдық және мемлекеттік салаларда белсенді екенін мәлімдеген. Тіпті, "Save The Children" халықаралық ұйымының рейтингі Қазақстанды әлем бойынша отызыншы орынға бағалап, АҚШ (32), Жапония (35) сияқты елдерден жоғары көрсеткіште екенін жариялаған.
TRT арнасының ақпаратына сәйкес, Саша Коэн фильмінде Қазақстанды мәдени тұрғыда артта қалған ел ретінде сипаттап, онда (әйелдерді) зорлау, педифилия және инцест қалыпты жағдай ретінде көрсеткен.
TRT ақпаратынша, Саша Коэн Facebook секілді әлеуметтік желі платформаларын сынап, оларды "жалған ақпарат тартып жатыр" деп айыптап, әсерлі баяндама жасаған. "Дегенмен Саша Коэнның өзі жалған ақпарат таратып жүрген жоқ па?" деп түйіндеген ағылшын тіліндегі басылым.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір