23 Қазан, 2020 Әлем
BBC
Лондон үш миллионға жуық Гонконг тұрғынына Ұлыбритания азаматтығына өту жолын ұсыну жоспарын растағаннан кейін Қытай Ұлыбританияға "қателіктерін тез арада түзету" керектігін айтты.
Шілде айында Бейжің Гонконгке қатысты ұлттық қауіпсіздік туралы қатаң заң шығарған. Одан көп өтпей Біріккен Королдік Гонконг тұрғындарына азаматтық беретін ұсыныстың дайындалып жатқанын жариялаған.
Сыншылардың айтуынша, 1997 жылы Ұлыбритания Гонконгті Қытайға қайтарып берген кездегі келісілген азаматтық бостандықтарды Бейжіңнің жаңа заңы бұзып отыр.
Ал Бейжің бұған дейін Ұлыбританияға "ішкі мәселелерге" араласпауды ескерткен.
Жұма күнгі ескерту Қытай Сыртқы істер министрлігінің Гонконг бөлімінен жарияланды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір