30 Тамыз, 2020 Әлеумет
Фото: pikabu.ru
Швецияның Мальме қаласында исламға қарсы белсенділер Құран кітапты өртеп, видеоға түсірген. Бұған жауап ретінде үш жүзге жуық мұсылман қала көшелеріне шығып, көлік қозғалысын жауып, от жаққан. Бұл туралы Россия 24 арнасы хабарлады.
Швецияда бірнеше күн бұрын көше суретшісі атанып кеткен Дан Парк есімді азамат Данияның "Қатаң келісім" (Stram Kurs) партиясының жетекшісі, адвокат Расмус Палуданмен бірге Мальме билігінен манифест өткізуге рұқсат сұраған. Акция барысында қасиетті құран кітапты өртеуді де жоспарлаған.
Бұған дейін де этникалық араздықты қоздырғаны үшін сотталған арандатушының бұл өтінішіне келісім бермеген. Артынша Даниямен шекарада ұсталып қалған адвокат Палуға Швеция территориясына кіруге тыйым салынады. Алайда соған қарамастан партия мүшелері жоспарларын жүзеге асырып, Құран кітабын өртеп жатқан видеоларымен бөліскен.
Бұл жағдай елдің ішінде бүліктің шығуына себепкер болды. Ашуға бой алдырған 300-ге жуық азамат Амиралсгатан мен Шелегатан көшелерінің қиылысында көлік қозғалысын жауып, өрт қойыпты. Дәл сол жерде наразы топ дөңгелектер мен ағаш материалдарын лақтырып, оларды тоқтатпақ болған полиция қызметкерлеріне бөтелкелер, тастар және отшашулар лақтырған.
"Қатал келісім" – исламға тыйым салуды және барлық "батыстық емес" адамдарды Даниядан шығаруды қолдайтын партия саналады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір