• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 15:49:09
Алматы
+12°

Фото: Конференция кезінде түсірілген

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауы аясында "Мәңгілік Қазақстан" Қоғамдық қоры Қылмыстық-атқару жүйесінде мерзімін өтеп жатқан сотталғандарға арнайы конференциялар өткізді.

12-24 тамыз аралығында "Мәңгілік Қазақстан" Қоғамдық қоры Алматы қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты  ЛА-155/6, ЛА-155/13 және ЛА-155/18 мекемелерінде онлайн режимде конференция ұйымдастырды. 

Онлайн конференция кезінде

ЛА-155/6  кәмелет жасқа толмаған сотталғандарға арналған түзеу мекемесінде 12, 18, 24 тамыз күндері өткен онлайн жиында психолог Сейілбек Мырзабаев, заңгер Шынтекова Кәмшат және психология ғылымдарының кандидаты Жанна Яворская дәріс оқыды. 

ЛА-155/13 түзеу мекемесінде жиын 22 тамыз күні өтті. Ал, ЛА-155/18 түзеу мекемесінде 14 тамыз күні болды. 

Әр апта сайын үздіксіз өтіп отырған онлайн конференцияларда сотталғандарға арнайы презентациялар көрсетілді. Оларға психологиялық және заң тұрғысынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Іс-шараны ұйымдастырушы "Мәңгілік Қазақстан" Қоғамдық қорының жетекшісі Бейбіт Нәлібаев.

"Мәңгілік Қазақстан" Қоғамдық қоры алдағы уақытта да көптеген конференциялар жасайтын болады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір