10 Тамыз, 2020 NEWS
BBC
Гонконгтық бизнес магнат Джимми Лай тұтқындалды және оның газет бөлімшелері "шетелдік күштермен келіссөз жүргізді" деген айыппен тексеруге алынды. Бұл туралы BBC хабарлады.
Бұл – Қытайда маусым айында қабылданған қауіпсіздік туралы даулы заңға сәйкес осы уақытқа дейін жасалған ең ірі қамауға алу оқиғасы.
Лай танымал демократ және өткен жылғы наразылық акциясының жақтаушысы.
Ұлыбритания азаматтығы бар 71 жастағы медиа магнатқа "заңсыз жиналыс өткізді", "қоқанлоқы жасады" деген айып тағылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір