• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:55:17
Алматы
+12°

ҚР Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ұлт үшін бастарын бәйгеге тіккен арыстардың есімдерін мәңгі ұлықтап өткен жөн деген пікірде.

"Біз 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтеміз. Бұл – халқымыз басынан өткерген қасіретті жылдар жаңғырығы.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
ХХ ғасырдың басындағы тоталитарлық жүйенің салдарынан дәстүрлі тұрмысымыз күшпен өзгертілді. Ел ашаршылыққа тап болып, екі миллионға жуық адам көз жұмды. Жүздеген мың қандасымыз туған жерін тастап көшуге мәжбүр болды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Саяси қуғын-сүргін жылдары да қазаққа оңай тиген жоқ. Ұлттың көшін бастаған зиялы тұлғаларымыз тар қапастарға қамалды және ату жазасына кесілді. Олардың жақындары да қудалаудан құтыла алмады.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Біз осындай «тар жол, тайғақ кешуден» береке мен бірліктің, сабыр мен төзімнің, үміт пен сенімнің арқасында аман өтіп, ата-бабамыз аңсаған азаттыққа қол жеткіздік. Аз уақыттың ішінде елдіктің іргесін нығайтып, тәуелсіз мемлекет құрдық. Қазіргідей күрделі кезеңдердің өзін абыроймен еңсеріп келеміз.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Қаншалықты қасіретті болса да, төл тарихымызды ұмытуға болмайды. Осыған орай Мемлекет басшысы тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырып отыр.⁣⁣⠀

Шын мәнінде, Президентіміз атап көрсеткендей, өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – баршамыздың перзенттік борышымыз. Сондықтан тарихтан тағылым алып, ұлт үшін бастарын бәйгеге тіккен арыстарымыздың есімдерін мәңгі ұлықтап өткеніміз жөн.⁣⁣

Енді ешқашан мұндай зұлмат болмасын! Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!" деді Мәулен Әшімбаев facebook парақшасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір