• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:23:01
Алматы
+35°

Бүгін Республика сарайында қала әкімдігінің қолдауымен онкология институты балалар радиациялық терапия бөлімінің пациенттеріне арнап "Біз қуаныш сыйлаймыз" атты ерекше гала-концерт өтті.

Концертке мемлекеттік билік құрылымдары, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері – Сәкен Майғазиев, Болат Кұсайнов т.б,  бокстан олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, «Ледибуг» және «Цевница» көп балалы отбасылардан шыққан балалар ансамблі, «АПРИЛ» қайырымдылық қоры және басқа да шығармашылық топтар белсене қатысты.

"Біз қуаныш сыйлаймыз" жобасының жетекшісі Кира Ударцеваның айтуынша, бүгінгі мереке онкологиялық институттың жас пациенттеріне арналған.

– Қанша айдан бері балалар төрт қабырғаға қарап уақыттарын өткізеді, сондықтан да біз әр жұма сайын балапандарға фотосессия жасап, сыйлықтар береміз. Біздің фотосессияға келген әрбір бала образды өздері таңдап, қандай сыйлық алғысы келетінін, нені армандайтынын айтады. Ал біз олардың тілегін орындауға тырысамыз, – деді Кира Ударцева.

Республика сарайына балаларды премиум кластағы «Mercedes-Benz» көлігімен алып келді.

Жоба жетекшісінің айтуынша, қайырымдылық концетіне қолдау көрсеткендер қатарында төтенше жағдайлар және полиция департаменті, «Air Astana» авиакомпаниясы, театрлар, мейрамханалар және басқа да демеушілер. Сондай-ақ, балалардың барлық тілектерін орындау үшін әлеуметтік желілер арқылы халықтың көмегіне жүгініп, қажеттіліктерге қазақстандықтар дереу жауап беріп, көмектерін ұсынғанын атап өтті. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір