17 Қазан, 2019 Әлеумет
Соңғы тоғыз ай көлемінде Қазақстаннан 31 287 адам кеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3550 адамға (27 737 адам) артық деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы статистика комитетінің есебіне сілтеме жасай отырып Central Asia Monitor Ұлттық экономика министрлігі жазды.
Биылғы теріс сальдосы - 23 867 адам, өткен жылы - 19 311 адам. 2019 жылғы қаңтар-тамызда 2018 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 11,9 пайызға азайса, Қазақстаннан кеткендер саны 12,8 пайызға артқан.
Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүріп жатыр.
ТМД елдерінен келген және осы елдерге кеткендердің үлесі тиісінше 81,3 пайызды және 91 пайыз болыпты. Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылардың саны 23,5 пайызға артқан. Өңіраралық орын ауыстырулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы республиканың бес өңірінде қалыптасты: Маңғыстау (644 адам) Павлодар (74 адам) облыстарында және Нұр-Сұлтан (21 981 адам) Алматы (24 597 адам) және Шымкент (1230 адам) қалаларында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір