15 Қазан, 2019
Оралда облыстық аурухана күзетшілері сырқат адамды аулаға шығарып тастаған
Науқасты далаға шығарған күзетшілер дәрігерлердің "тапсырмасы" екенін айтты.
Оралда облыстық аурухана күзетшілері науқас адамды далаға шығарып тастаған. Жылжымалы зембілге жатқызылған ер адамға сол маңда жүрген адамдар араша түсті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Науқасты далаға шығарған күзетшілер дәрігерлердің "тапсырмасы" екенін айтты. Облыстық аурухананың дәрігерлері күзетшілерге "науқасты сыртқа шығарып тастаңдар" деген.
Видеодағы науқастың ішімдік ішпеген, тек күтімсіз жүргені анық байқалады. Келеңсіз жайтты ұялы телефонға түсіре бастаған соң күзетшілер оны ішке қайта кіргізген. Науқастың аты-жөні — Арман Досжанов. 53 жастағы ер адам бас жарақатымен ауруханаға түсіпті. Дәрігерлер оны толықтай тексерістен өткізген. Қазіргі оның жағдайы бірқалыпты.
Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол күні науқастардың саны көп болған. Сондықтан кезекші дәрігерлер екі күзетшіге тұрғылықты жері жоқ адамды қабылдау бөлімінен терапияға апаруды тапсырыпты-мыс. Сондай-ақ олар енді өз ісіне салғырт қарағандар жазадан құтылмайды деп сендірді. Дегенмен аурухана басшылығы науқастар көбейген кезде тасымалдау ісін күзетшілерге тапсыратынын айтты.
— Күзетшілер де қай жерге апаруды білмей қалды. Жаңа келген қызметкер болған соң, корпусты білмейді. Қасымыздағы жүрген күзет агенттігіндегі кісілерге сөйтіп тапсырма берген. Олар да кейде бізге көмектеседі, - дейді БҚО-дағы облыстық ауруханасының директоры Арман Байдеуов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір