23 Шілде, 2019 NEWS
Алматы тауында туристке шабуылдаған кім?
Қаскөй тауда серуендеп жүрген туристке кеңсе пышағымен тап берген. Туристің бағына қарай, пышақ жарақаты өміріне қауіп төндірмеді.
Алматы полициясының араласуымен Бутаков шатқалында демалушыларға пышақпен шабуылдаған қаскөй қолға түсті. Қаскөй демалушылардан өз құрбандарын кеңсе пышағымен қорқытып, ақша мен құнды заттар алып отырған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшылары күдіктіні оқиға орынының маңынан ұстаған. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қолға түскен 37 жастағы күдіктінің нақты тұратын мекен-жайы жоқ болып шықты.
Күдікті тауда күркелерді мекендеп жүріпті. Бұдан бұрын ол өте ауыр қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған.
Жәбірленушінің берген мәліметінше сүйенсек, күдікті өзінің «арам» ниетін жүзеге асырып жатқанда оның жанында тағы бір адам болған. Полиция қызметкерлері оны тауып үлгермеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір