• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:42:12
+12°

19 Шілде, 2019 Барлық аймақтар

Кайдзенге қатысты 3 өтірік

Өзіңізге неше рет уәде бердіңіз? Жаңа жылдың алғашқы күнінде ме? «Дүйсенбіде бастаймын» деп өзіңізді неше рет сендірдіңіз? Негізінен өзіңізге берілген уәде 4 айдың ішінде орындалмаса уәде толықтай ұмытылады.

Қазіргі таңда өзгергісі келетін, жаңашылдыққа ұмтылғысы келетіндердің саны көп. Бірақ... Бірақ адамдарға түрлі факторлар кері әсерін тигізеді. Жалқаулық, өз-өзіне сенімсіздік, қоршаған орта тағы басқа себеп болатын факторлар бар.

Өз бойыңыздағы кемшіліктерден арылып, жаңашылдықты үйренуге кайдзен жүйесінің амал-тәсілдері көмектеседі. Бірақ жапониялық жүйе туралы қате түсініктер де жоқ емес. Кайдзен туралы мифтердің тізімін Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.

1-миф: Өзгерту және өзгеру қиын әрі ұзақ процесс

Адамға толықтай өзгеру үшін бірнеше күн немесе апта да жеткілікті. Әрине бұл адамның өзгеруге деген шынайы ниеті мен ынта-жігеріне тікелей байланысты. Егер күнде бір жаңа әдет бастап үнемі қайталасаңыз, сізді құттықтаймын! Себебі сіз алға жылжып, жеңіске жетіп келесіз. Адамның ең бірінші жауы — өзі, өз нәпсісі. Сіз өзгелермен емес өзіңізбен, ішкі "меніңізбен" жарысыңыз. Сонда ғана өмірде жетістікке жетесіз.

2 миф: Кайдзендегі үнемі және үздіксіз қағидасы арқылы нәтижеге қол жеткізе алмайсыз

Жоқ! Қате! Иә кайдзен жүйесіндегі басты қағидалардың бірі – үнемі және үздіксіз немесе аз-аздан және үздіксіз. Бұл зерттеуден өткен қағида. Аталмыш қағиданы әлемдегі кез келген бизнесмен, табысты әрі танымал адамдар қолданады. Сондай-ақ өзгелерге үйретіп жүр. Мысалы, сіз бір кітапты оқуды бастадыңыз делік. Егер сіз күнде кітаптың 10 бетін оқысаңыз, 10-15 күнде кітапты аяқтайсыз. Бірақ сіз кітапты күнде емес, әр кезде әрқалай оқысаңыз, миыңызда шашыраңқылық пайда болады. Кітапты белгіленген уақытта аяқтауыңыз да мүмкін. Бірақ маңызды ақпараттарды есте сақтай алмайсыз. Сол себепті кез келген адамға бұл қағиданың зиянынан пайдасы көбірек.

3-миф: Ережесіз, қағидасыз өмір қызығырақ

Иә, кайдзен жүйесіндегі қағидаларды, амал-тәсілдерді айтқан кезде ережемен өмір сүргісі келмейтін жандар осыған ұқсас пікірлерді білдіріп жатады. Алайда қызық пен рахат бәр сәттік екенін де ұмытпау керек. Сіз қазір өзгеріске ұмтылғыңыз келмеді. Алдағы бірнеше жыл бойы осылай жүре беруіңіз әбден мүмкін. Бірақ сіз 5 жылдан кейін қазір өзгермегеніңіз үшін өкінесіз бе? Өкінбейтініңізге сенімді болсаңыз, әрине осы қалыпта жалғастыра беріңіз. Ал өз жауабыңызға сенімді болмасаңыз, сіздің жаныңыздың өз қалауы бар деген сөз. Іштей бір нәрсені қалайсыз, армандайсыз, бірақ оны сыртқа шығарғыңыз келмейді. Бұл өзгеріске ұмтылғысы келетін адамның сипаты. Өкінбестей өмір сүру үшін қазірден бастап өзіңізді қолға алыңыз!

Иә адамның сылтауы да, себебі де таусылмайды. Бірақ біз бірқатар қате пікірлерге жауап бере алдық деп ойлаймын. Қазіргі қоғам жаңашылдыққа ұмтылған адамдарға мұқтаж. Ал қоғамға қажет адам болғыңыз келе ме, әлде жоқ па, оны өзіңіз шешесіз...

Оқи отырыңыз:

Кайдзеннің өндірістегі қағидалары

Қазақ менталитеті мен кайдзен жүйесінің негіздік ұқсастығы

Кайдзен туралы үздік 5 кітап

BІ Group кайдзенмен достасу арқылы неден ұтты?

Кайдзен – жетістікке жетудің ең тиімді жолы

 
Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір