01 Шілде, 2019 Барлық аймақтар
Кайдзен туралы үздік 5 кітап
Жапониядан бастау алған кайдзен жүйесі жұмыстың өнімділігін арттыруға және ұйымның жұмысқа деген ынта-жігерін арттыруға көмектеседі.
Жапониядан бастау алған кайдзен жүйесі жұмыстың өнімділігін арттыруға және ұйымның жұмысқа деген ынта-жігерін арттыруға көмектеседі. Қазіргі таңда аталмыш әдісті әлемге әйгілі компаниялар қолданысқа енгізген. Сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлер де осы әдіспен жұмыс істеудің тиімділігі туралы айтып жүр.Өз-өзін даытуды қалайтын жандар үшін әлемдік нарықта жапониялық әдіс кайдзен туралы кітаптардың қатары көп. Qamshy.kz ақпарат агенттігі кайдзен туралы жазылған ең үздік кітаптар тізімін оқырман назарына ұсынады.
Кайдзен. Жапониялық компанияның жетістікке жетудегі құпиясы
Бұл кітап енді ғана өз кәсібін бастап, қалай басқаруды, қол астындағы жұмысшыларымен қандай қарым-қатынас орнатып, ұйымдастыруды білгісі келетін жандарға арналады. Бұл кітапты оқу арқылы басқару тәртібі мен жүйесін, ұйымдастыру шеберлігін жетік меңгере аласыз. Аталмыш кітап ең алғаш рет 1986 жылы шығып компания басшыларының арасында кеңенінен таралып, әлемдік бестселлерге айналды.
Зауытты кайдзен әдісімен басқару.Қалай шығынды азайтып, пайданы молайтуға болады?
Аталмыш кітаптағы әдіс-тәсілдер Ресейдегі басқару жүйесіне негізделіп жасалған. Дегенмен бұл кітаптың да берер ақыл-кеңесі мол. Дегенмен кітапта теориядан гөрі практика басым. Кітапта көлік жөндеу саласына байланысты да ақпараттар бар. Бұл кітап басқару жүйесін жақсартуға, ұйымшыл ұжымды қалыптастыруға көмектеседі.
Гемба кайдзен. Шығынды азайтып, сапаны арттыру жолы
Бұл кітапты кайдзен туралы бестселлердің жалғасы десек те болады. Кітаптың авторы Масааки Имаи компанияның шығынын азайтып, сапасын арттыру және нарықта ойып тұрып орын алудың жолдарын көрсете білген.
Кеңседегі кайдзен. Кеңсені кайдзен әдісі арқылы өзгерту.
Қазіргі таңда кеңседегі кеңістікті өзгерту үшін түрлі амал-тсілдерді қолданып жатыды. Бірақ бұл өзгеріске өте сақтықпен қараған абзал. Кайдзен әдісінің ерекшелігі әр нәрсенің өз орны болуы керек. Қарапайым әдіс-тәсілдер арқылы тұрақтылық пен тазалықты сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ бұл кітапта әкімшілік жүйені де реттеуге жол сілтейді.
Кайдзенге апарар жол
Бұл оқырман арасында көп таралған кітаптардың бірі. Жоғарыдағы кітаптардың көбісі кайдзенді жұмыспен, кәсіппен байланыстырса бұл кітап күнделікті өмірді кайдзен арқылықалай жақсартып, реттеуге болатынын үйретеді. Ал кітаптың авторы кайдзен әдіс-тәсілін меңгеріп қана қоймай, өмірде қолданысқа айналдырған білікті маман Роберт Маурер. Автор өз кітабында кайдзен саласындағы 7 маңызды әдістерді санамалап шыққан. Сондай-ақ аталмыш әдістер кез келген бастаманың оң нәтиже беруіне көмектесетінін айтқан.
Әлемдік кәсіпкерлер мен табысты адамдардың барлығы дерлік жапонияның кайдзен әдісін күнделікті өмірінде де, жұмыс орнында да қолданады. Өйткені бұл әдіс олардың дамуына, өз-өзін қадағалап, бақылауына көмегін тигізген. Сол себепті әлемдік нарықта кайдзен әдісі туралы кітаптардың саны күн санап көбеюде. Негізі кітап оқуды әдетке айналдыру - табысты адамдардың ерекшелігі. Кайдзенде үздіксіз бірақ үнемі деген қарапайым қағида бар. Қарапайым болса да бұл қағида арқылы көп бастамаларды аяқтауға болады. Сол себепті үздіксіз әрі үнемі дамып, алға шылжып отырыңыздар!
Оқи отырыңыз:
♦Кайдзен – жетістікке жетудің ең тиімді жолы
♦Кайдзен жүйесінің сіз білмейтін құпиялары: Жалқаулықты қалай жеңуге болады?
♦Құмар Мұсаев: Кайдзенді Қазақстанға алып келген Марғұлан Сейсембай
♦Ғани Байғалиұлы: Кайдзен - Ислам діні сияқты жүйе
♦Кайдзен әдісі: бала тәрбиесіндегі жетістікке жетелейтін жетілік
♦Нұрғали Қанатұлы: Біз қазаққа кайдзеннің жат емес екенін дәлелдедік
♦Желдеткіш зауытындағы кайдзен жүйесі: бонус беретін берекелі бизнес
♦Кайдзен орталығына кірдің – ғажайыпқа сапар шектің (фоторепортаж)
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір