25 Маусым, 2019
1149 бала ата-анасымен қауышты
Арыстағы апатта ата-анасынан көз жазған балалар қауіпсіз жерге жеткізілген. Оларды ата-аналары әлеуметтік желі арқылы іздеп жатты. Сондай-ақ, эвакуациялаған жауаптылар арнайы тізім жасап, желіде таратты.
Қауіпсіз жерге жеткізілген балалардың барлығы дерлік өз ата-аналарымен қауышуда. 1000-нан астам бала жақындарына табысталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Эвакуацияланған адамдардың жалпы саны – 3860 адам. Оның ішінде кәмелет жасқа толмаған балалар саны – 914. Қазіргі уақытта 1149 бала өз ата-анасымен қауышты. Тек 15 бала ғана түрлі себептермен лагерьлерде қалып отыр", - деп мәлімдеме жасады ҚР БҒМ.
Министрліктің мәлімдемесіндегі ақпаратқа арқа сүйесек, әрбір пунктте педагог-психолог мамандар жұмыс жасауда. Олардың жалпы саны – 158.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір