10 Наурыз, 2014 NEWS
Қазақстан Ресеймен қосылып, Украинаға оқ ата ма?
Украина әскері Қырым аймағына аттанды. Әрине, өз тери ториясын қорғау – олардың міндеті. Украин билігінің бұл қадамын барлық украин жұрты қос қолдап құптап...
Украина әскері Қырым аймағына аттанды. Әрине, өз тери ториясын қорғау – олардың міндеті. Украин билігінің бұл қадамын барлық украин жұрты қос қолдап құптап отыр. Өйткені іргесіне келген жау ертең төрінде отыратынын білді олар. Сөйтіп, миллиондаған украинды, миллиондаған қазақты қырған кешегі Совет одағының мұрагері Ресей елі әлі де империялық пиғылынан айыға алмай отыр. Тіпті баса көктеп көрші елдірдің шекарасынан аттап өтуді әдетке айналдырды.
Айтпақшы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей сапарынан кейін шұғыл жиналыс ашып, қорғанысымызды күшейту жөнінде берген тапсырмасын былайғы жұрт қуана қабылдаған. Тіпті бұл Ресейден қорғанудың алғашқы сигналы деп те ұғынғандар болды. Солай-ақ болсын деп тілейік. Дегенмен Қазақстанның Ресей мемлекетімен тығыз, қоян-қолтық араластығын ескерсек, алдағы күнде болуы мүмкін Ресей-Украина соғысында біздің ел орыстардың сойылын соғып жүрмесе болғаны. Бұл тіпті әбден мүмкін.
Мұндай қадамның Құдай бетін ары қылсын. Өйткені Украинада біздің бауырластарымыз татарлар бар. Олардың ниеті де Ресейден іргесін аулаққа салу. Тіпті оны айтпағанда Совет одағының қанды шеңгелінен босаған тәуелсіз елдер бір-біріне оқ атып жатса, бұл – Ресейдің құшағына қайта құлаумен бірдей.
Болашаққа бағытталған, мемлекеттің тәуелсіздігіне тікелей қатысты кез келген келісімге халқымен ақылдаспай баратын бір билік болса, ол – біздің Қазақ билігі. Еуразиялық экономикалық одақ – соның бір ғана дәлелі. Қазақ билігі осы әдетімен бүкіл әлем назарын өзіне аударып отырған Ресей-Украина қақтығысына да қазақ жұртымен ақылдаспай, әскерлерімізді Ресейдің ықпалына жығып бермесе болғаны.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір