• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:01:20
Алматы
+7°

03 Желтоқсан, 2024 NEWS

Көрнекі сурет

Қайғылы оқиға Түрксіб ауданындағы Norma Logistics ЖШС қойма кешенінің аумағында болған.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, жұмысшы дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда жедел сатының астында қалып қойған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

- Түрксіб аудандық полиция Басқармасы еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Кісі өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар оқиғаның объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір