• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 16:29:24
Алматы
+12°

09 Қазан, 2024 NEWS

Қазақстандағы жалақы туралы мәлімет пайда болды

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың жалақысы туралы мәліметтермен бөлісті.

Көрнекі сурет

Департамент 9 қазанда 2024 жылдың сәуірінде жұмысшылардың есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлінуіне жыл сайынғы сауалнама жүргізгенін хабарлады. Барлық ірі кәсіпорындарды қоса алғанда, бір ай бойы жұмыс істеген қызметкерлер, іріктеп алғанда орта және шағын кәсіпорындардың 30%-ы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда) қамтылды.

2024 жылдың сәуір айындағы нақты жалақы туралы деректер барлық қосымша төлемдер, жәрдемақылар, бонустар, салықтар мен зейнетақы жарналары ескерілді.

"Сауалнама нәтижелері бойынша аталған кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің саны 3 437 мың адамды құрады, оның ішінде ерлер 48,3% (1 659,7 мың адам), әйелдер – 51,7% (1 777,3 мың адам)", — деп хабарлады бюро.

Қызметкерлердің жалпы санының ішінде орташа айлық жалақыны алушылар келесідей бөлінді:

Жұмысшылардың 6,1 пайызы 100 000 теңгеге дейін алды.

  • 100 001 теңгеден 150 000 теңгеге дейін – 12%
  • 150 001 теңгеден 300 000 теңгеге дейін – 35,1%
  • 300 001 теңгеден 600 000 теңгеге дейін – 35,6%
  • 600 001 теңгеден 900 000 теңгеге дейін – 6,9%
  • 900 001 теңгеден 1 200 000 теңгеге дейін – 2,1%
  • 1 200 001 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін – 1%
  • 1 500 001 теңгеден астам – қызметкерлердің 1,2%
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір