• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 11:47:03
+12°

Астанаға кіретін барлық жүк көлігі автоматты түрде өлшеуден өтеді, деп хабарлады Көлік министрлігі.Өткен айдан бастап елорданың негізгі кіреберістерінде жол сапасын қамтамасыз ету мақсатында ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйелер іске қосылды.
Осылайша, қыркүйектің ортасынан бері 280 жүк көлігінің жүргізушісі салмақ нормасын бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асты. Жүк тасымалдайтын компанияларға хаттама жіберілді.

"Инертті жүкті тасымалдайтын әрбір үшінші самосвал жүргізушісі рұқсат етілген норманы сақтамай, нормадан тыс жүк тасымалдауда. Ауыр жүк көліктеріне тиелген жүк нормадан 2-3 есе асып түседі. Рұқсат етілген норма 25 тонна болса, іс жүзінде 40-60 тонна тасымалданады. Біз жүк көлігі жүргізушілерін және барлық тасымалдаушыны рұқсат етілген салмақ нормаларын қатаң сақтауға шақырамыз. Негізгі міндет — жолдардың мерзімінен бұрын тозуын болдырмау", – делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жүк көлігі 25 тонна

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір