• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:50:37
Алматы
+12°

Қазақстанда банктер демалыс күні борышкерлерге екі рет қана қоңырау шала алатындай норма енгізілуі мүмкін.  Қаржы нарығын реттеу агенттігі әзірлеген қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланып, қоғамдық талқыға ұсынылды.

Қаулыға сай, микроқаржы ұйымдары борышкердің тіркелген мекенжайына жұмыс күндері 8.00-21.00 аралығында аптасына үш рет қана іздеп барып, сондай-ақ аптасына үш рет қана қоңырау шала алады. Демалыс күндері 9.00-19.00 аралығында екі рет қана қоңыраулатуға рұхсат.

Агенттік мәліметінше, қолданыстағы ережеде борышкерге қашан, қаншалықты қоңырау шалуға болатыны нақты реттелмеген. Осының кесірінен коллекторлар яки микроқаржы ұйымдары кейде ыңғайсыз уақытта немесе өте жиі қоңырау шалып, азаматтардың ашуын келтіретін. Сәйкесінше, олардың қызметіне арыз-шағым жиі түсетін.

Бұрын микроқаржы ұйымдарына демалыс және мейрам күндері борышкерге қоңырау шалуға тыйым салынса, енді рұхсат, тек белгіленген тәртіпке сай, күніне екі реттен артық мазаламауы керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір