29 Тамыз, 2024 NEWS
АЭС салынса, қатаң бақылауға алынады – Олжас Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектенов елімізге АЭС салынса, құрылыс қатаң бақылауға алынатынын айтты.
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Бұл саланың перспективасы зор екені анық. Бізде ядролық отын өндірісі толықтай дерлік игерілген. Шағын реакторларды пайдалану тәжірибесі жинақталды. Бұл бағытта мамандар мен ғалымдарымыз да бар. Кадр даярлауға да көңіл бөлініп келеді. Сондықтан атом энергетикасын дамытудың келесі кезеңіне көшу дұрыс қадам. Әсіресе, еліміздің энергетикалық инфрақұрылымына жүктеме артып отырған бүгінгідей жағдайда бұл мәселенің маңызы айрықша, – деді Бектенов.
Премьердің сөзінше, Қазақстан қазірдің өзінде энергетикалық қуат тапшылығын тартып отыр.
- Проблеманы осы бастан шешпесек, онда экономиканың әрі қарай өсуіне қажетті электр энергиясын үлкен көлемде сатып алуымызға тура келеді. Көптеген ел атом энергиясына иек артады. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметінше бүгінде әлемнің 31 елінде 415 ядролық энергоблок жұмыс істейді. Қазіргі таңда 15 мемлекетте, соның ішінде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания мен Түркияда жаңадан 61 атом станциясының құрылысы жүріп жатыр. Оның үстіне халықаралық қаржы институттары көмір электр станцияларына инвестиция салудан бас тартып жатыр, – деді Үкімет басшысы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір