• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 05:45:34
Алматы
+35°

ТМД елдері арасында Қазақстанда әсіресе Алматыда такси қызметі ең қымбат болып саналады. Алматыдағы такси тарифі (0,68 доллар) Мәскеу (0,44 доллар) мен Санкт-Петербургтен (0,55 доллар) де қымбат. Бұл туралы Energyprom.kz сайты хабарлады.

Қазақстанда бір жылда такси қызметі 13,2%-ға қымбаттаған. Оның ішінде Алматыда – 36,9%, Шымкентте – 36,1%, Ақтөбе облысында – 22,1%, Батыс Қазақстан облысында – 21,3%, Ақмола облысында – 13,5%.

Қымбатшылық деңгейі төмен (1%) өңірлер қатарында Солтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстары бар.

Қаңтар-шілде аралығында такси қызметін 39,8 млн жолаушылар қолданған. Бұл былтырғыдан 36,4%-ға жоғары.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: такси қызметі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір