• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 16:58:33
Алматы
+35°

Алматыда ағаштарды қатігездікпен сындырған ер адам қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.

Бұзақылық әрекет Алматы өзенінің бойында, Төле би мен Райымбек даңғылдарының арасында болған. Орман қорына кіретін және кесуге тыйым салынған көшеттердің зақымдалуына қатысты қызмет көрсетуші компанияның өкілі арыз берген. Қатігездік әрекетке наразы болған жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде дабыл қаққан.

– Қазіргі таңда ағаштардың зақымдалуына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Арызданушының айтуынша, тексеру кезінде 36 дана көшеттің зақымдануы және өлуі анықталды, атап айтқанда: каталпа – 15 дана, акация – 7 дана, қарағаш – 14 дана. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 27 жастағы жігіт ұсталды, ол бұзақылық мақсатында ағаштарды сындырғанын айтты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Іс сотқа жіберілетін болады, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Күдікті өзінің әрекетін сол күні көңіл-күйі болмай, эмоционалдық ауытқуға ұшырағанымен түсіндірген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: бұзақылық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір