• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:43:03
Алматы
+12°

Айтбек Амангелді сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қызылордалық 16 жастағы оқушы қызға қаржы жинап берді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Қызылордалық қызға көмектесу үшін қыздың ата-анасымен, қорғаушылармен бірлесе  отырып жұмыс жасаймыз.  14-17 тамыз аралығында көмек ретінде ақша жинаған болатынбыз, қаржы қыздың әпкесіне Аидаға жіберілді. Қазіргі таңда ақша жинау тоқтатылды. Бәрінің есебін береміз. Екі жарым күннің өзінде 17 984 909 теңге жиналды", - дейді Айтбек Амангелді.

Ол ақша не үшін жұмсалғанын кез келген адам құжаттан көре алатынын жеткізді.

"Жиналған қаржы не үшін жұмсалып жатқанын ашық көрсету үшін арнайы кесте дайындадым. Қыздың ата-анасы күн сайын кестені толтырып, қаржының қайда жұмсалып жатқанына есеп беруге міндеттелді. Құжатты кез келген адам көре алады", - дейді Айтбек Амангелді.

Еске салайық, тамыз айының басында "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі 16 жастағы оқушы қызды сыныптастары секс-құлдыққа салғанын мәлімдеді. Кейіннен БАҚ беттерінде қыздың анасының көмек сұраған хабарламасы тараған болатын. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: заң құқық мораль

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір