• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:17:37
Алматы
+12°
 
Өскемен қаласының №2 соты Қайрат Сатыбалдының жазасының өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын қанағаттандырды.
 
Оған сай, жазаның өтелмеген 3 жыл 3 ай 7 күні жазаның неғұрлым жеңіл түрі - бас бостандығын шектеуге ауыстырылады.
 
Сот мәліметінше, Сатыбалдының жазасын жеңілдетуге, оның жаза мерзімінің кемінде 1/3 бөлігін өтегені, келтірілген залалды (700 млрд теңге) толық қайтарғаны, жазаны өтеу тәртібін бұзбағаны себеп болған.
 
Қайрат Сатыбалды ҚР ҚК-нің 28-бабы 3-бөлігімен, 189-баптың 4-бөлігі 2) тармағы (сеніп тапсырылғанның мүлкін жымқыру), 28-баптың 3-бөлігі, 195-баптың 2-тармағы (ұрлық жасау мақсатынсыз залал келтіру) бойынша мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қайрат Сатыбалды

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір