• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 20:23:38
Алматы
+9°

13 Тамыз, 2024 NEWS

Алматыда Сәтбаев көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады

Алматыда Сәтбаев көшесінің бір бөлігінде орта мерзімді жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 15 тамызға дейін көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуде.

Көрнекі сурет

"Сонымен, 14 тамыз сағат 08:00-ден 15 тамыз 20:00-ге дейін Достық даңғылынан Луганского көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы шектеледі. Айналма жол шығыс бағытта Құрманғазы көшесінің бойымен, ал батыс бағытта Интеграл және Инженерная көшелері бойымен жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Жөнделген учаскеде ескерту белгілері мен мердігер мекеме басшысының байланыс ақпараты бар стендтер ілінетіні хабарланды. Еске салсақ, Алматы қалалық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы, жол жұмыстарына байланысты Рысқұлов даңғылы бойымен шығыс бағытта Күдерин көшесінен Бөкейханов көшесіне дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылғанын хабарлаған еді. Аталған аймақтағы қозғалыс шығысқа қарай, қарама-қарсы қозғалыс жолағында ұйымдастырылды. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Сәтбаев көшесі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір