• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:39:29
Алматы
+12°

Елде жыл басынан бері 28 мыңнан астам азамат белгіленбеген жерлерден теміржолды кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Polisia.kz сайтының дерегінше, жыл басынан бері 55 азамат пойыз астына түсіп, олардың жартысынан көбі қайтыс болған. Департамент бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, демалыс күндері Жетісу облысы Қарабұлақ – Талдықорған аралығында жүк пойызы белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып, адам сол жерде көз жұмған.

Көлік полицейлері азаматтарға теміржол аймағында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, пойыз сигналын есту үшін құлаққап пен бас киімді шешіп өтуге шақырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір