• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:43:40
Алматы
+12°

09 Тамыз, 2024 NEWS

Туу көрсеткіші бойынша Маңғыстау облысы көш басында

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамға жеткен.

Фото: Gov.kz

6 айда халықтың жалпы өсімі 125,8 мың адамды құрады.

Дүниеге келген бала саны – 184,7 мың сәби
Қайтыс болғандар саны – 66,1 мың адам

Ұлттық статистика бюросы дерегінше, туудың ең жоғары көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға 24,80 адам) облысының еншісінде. Сондай-ақ Түркістан (24,78) облысы мен Шымкент қаласында (23,55) өсім байқалған.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,77), Шығыс Қазақстан (11,36) және Қостанай облыстарында (10,16) байқалды, бұл аталған аймақ халқының жас ерекшелігімен байланысты жағдай.

Тұрақты тұруға келгендер – 14,2 мың адам
Шетелге көшкендер – 6,9 мың адам
Көші-қон сальдосы – 7,2 мың адам

2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға тұрақты тұруға келгендер саны 4,4%, Қазақстаннан кеткендер саны 0,4% азайды.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болған. Достастық елдерінен келгендердің үлесі 78,2%, ал сонда кеткендердің үлесі – 77%.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір