02 Тамыз, 2024 NEWS
Фото. Ашық дереккөз
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты контрабандалық жолмен алтын бұйымдар мен медициналық дәрі-дәрмектерді алып келген адамнан пара алған кеден бекетінің қызметкеріне үкім шығарды.
"Пара алу фактісі бойынша Т.-ға және контрабандалық жүкті әкелгені және пара бергені үшін Д.-ға қатысты үкім шықты. Т. кеден бекеті басшысының орынбасары бола отырып, азаматша Д.-дан кедендік шекара "Стамбул-Астана" әуе қатынасы арқылы контрабандалық жолмен декларацияланбаған алтын бұйымдар мен медициналық дәрі-дәрмектерді алып келгені үшін 1 060 000 теңге көлемінде пара алған, ал Д аталған ақшалай сыйақыны берген" - делінген ресми хабарламада.
Сот үкімімен Т. мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 63 600 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлейді. Ал Д. өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып,28 196 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір