29 Шілде, 2024 NEWS
Фото: sk-pharmacy.kz
Еркен Жакатай "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды. Бұған дейін "СҚ-Фармацияны" 2020 жылдан 2024 жылға дейін Ерхат Есқалиев басқарған еді.
Айта кетейік, Еркен Жакатай 1994 жылы "Автоматика және басқару жүйесі" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2001 жылы "Қаржы және несие" мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
Мемлекеттік (Мемлекеттік кірістер министрлігі, Қаржы министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі), квазимемлекеттік ("Қазына" Тұрақты даму қорының "Даму "Қоры" АҚ, "Ұлттық медициналық холдингі" АҚ, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінде) және жеке секторда 30 жылдан астам басшылық қызметте болған.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жеке секторда жұмыс істеп келген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір