• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Шілде, 00:50:47
Алматы
+35°

09 Шілде, 2024 NEWS

Қазақстанда ақылы жолға уақытылы төлем жасамағандарға жаңа айыппұл түрі енгізілмек

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанда ақылы жолдарға уақытылы төлем жасамағандарға айыппұл салуды автоматтандыру процесі қаралып жатқанын мәлімдеді.

Фото: kolesa.kz

Министрдің айтуынша, жолдардың сапасы оларды ұстау жағдайына байланысты болады. Елімізде республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жолды ұстауға 80 миллиард теңге қажет екен. 

"Бюджетке ауырлық салмас үшін ақылы жолдарды енгізу жалғасады. Қаражат жолдарды күтіп ұстауға, ағымдағы жөндеуге және техника сатып алуға бағытталмақ. Қазір ақылы жолдарда төлемді уақытылы жасамағандарға айыппұлды автоматтандыру процесі пысықталып жатыр", – деді министр.

Қарабаев қайта жөндеуден өткен жолдарды нормативтік деңгейде ұстау мақсатында биыл ұзындығы 2 мың шақырым болатын тағы 11 жол учаскесі ақылы болатынын мәлімдеді:

  • Қызылорда-Арал;
  • Ақтөбе-Орынбор;
  • Қостанай-Тройцк;
  • Қостанай-Денисовка;
  • Ақтау-Бейнеу;
  • Қандыағаш-Мақат;
  • Балқаш-Бурылбайтал;
  • Бурылбайтал-Шу;
  • Үшарал-Достық;
  • Қарағанды айналма жолы;
  • Тараз айналма жолы".                                                                                                          Көлік министрлігінің басшысы жергілікті жүргізушілерге жеңілдіктер қарастырылатынын атап өтті. Ақылы жолда негізгі жүктеме Қазақстан арқылы өтетін транзит автомобильдерге бағытталады.                                                                              Айта кетейік, қазір ақылы жолдардың жалпы ұзындығы – 3,2 мың шақырым. Өткен жылы ақылы жолдан 30 миллиард теңге жиналған.
     
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір