04 Шілде, 2024 NEWS
Атырау облысында 60-тан аса түйе қырылып қалды
Қарақұрт шағып алғаннан кейін қырылған 63 түйеден бөлек, тағы 400-ге жуық малға жәндіктің зияны тиген
Фото: ашық дереккөзден
Атырау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы улы жәндіктер Индер, Исатай және Құрманғазы аудандарының құмды учаскелерінде көбейгенін растады.
Осы аудандарда қарақұрттың уынан 397 түйе ауырып қалған.
– Шаққан малды емдеу, өтемақы бюджетке енгізілмеген. Дегенмен, жергілікті ветеринарлар емдеуді жалғастырып жатыр. Сондай-ақ ауру және өлген жануарлардан сынамалар алынып, облыстық ветеринариялық зертханаға жіберілді, - делінген басқарма хабарласында.
Сонымен қатар, шенеуніктер мал иелеріне улы жәндіктер жиі кездесетін жайылымдарда түйелерді, жылқыларды және сиырларды жаюдан бас тартуға және ауру белгілері бар жануарлар туралы жедел хабарлауға кеңес береді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір