• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:06:12
Алматы
+12°

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ведомствоның Қазақстанның ғарыш саласын қалай дамытуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Ғарыш саласы ел үшін өте маңызды. Сондықтан, жұмысымның бірінші айында Байқоңыр ғарыш айлағына барып, жүк зымыранын ұшыруға қатыстым. Мен туристерді тарту тұрғысынан үлкен әлеуетті (саланы дамыту - Ред.) көремін, ғарыш активтерін шоғырландыру әлеуетін көремін... Бізде тігінен интеграцияланған холдинг немесе корпорация құру мүмкіндігі бар, өйткені бізде өз ғарыш айлағы мен құрастыру-сынау кешені бар», - деп нақтылады ол.

Жаслан Мәдиев Қазақстанның өз серіктері бар екенін айтты. Бүгінгі таңда R&D бастапқы кезеңінде жаңа жоба жүргізілуде.

"Ол әлі де өндіріс бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар сатысында орналасқан. Сондықтан оны одан әрі дамытуға гранттар тартамыз. Біз Қазақстанның осындай тік құрылымды қалыптастырудың үлкен әлеуеті бар екенін көріп отырмыз", - деп атап өтті министр.

Ол саланы туристерді тарту есебінен дамыту жоспарланып отырғанын түсіндірді.

"Бізде тапсырыстарды тарту жоспарлары бар... Біз жобаны туристік тартымды форматқа келтіру үшін бірқатар инвесторлармен сөйлесеміз. Astana Hub тарта отырып, ғарыш саласының айналасында стартап-экожүйені дамытқымыз келеді. Көптеген жеке компаниялар қызығушылық танытуда", - деді ол.

Бұдан бөлек, министр ведомство нарықты пайдалануға мүмкіндік беруі тиіс екенін атап өтті.

"Біз нарыққа осы деректерді пайдалануға мүмкіндік беруіміз керек, Осылайша стартаптар мен интерпренерлер осы деректерді пайдалана алады және кейбір технологиялық шешімдер ұсынады. Ғарышты дамытқан жөн, өйткені сол спутниктерден алуға болатын өнімдерді экономиканың басқа салаларында кросс-секторларда қолдануға болады. Бұл өрттерге әкелетін жылу нүктелерін болжау және анықтау, мұнай саласындағы, ауыл шаруашылығындағы су тасқыны жағдайларын болжау және модельдеу бойынша әртүрлі кейстер", - деп түйіндеді ЦДИАӨМ басшысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір