• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 22:16:24
+12°

Талдықорғандықтар ауласын гүлденген баққа айналдыруда

Жетісулықтар, әсіресе Талдықорған қаласының тұрғындары көпқабатты үйлерінің ауласын гүлденген баққа айналдыруда, олар үйдің кіреберіс тұсына жыл сайын сан түрлі гүлдер өсіруде және бұл гүлдер қара суық түскенше өңін бермейді.

Зейнеткерлердің еңбекқорлығының арқасында «Самал» шағын ауданындағы №11 үйде өсімдіктердің 60-тан астам түрі өсіп тұрған бұл ауланың «Үлгілі» атағына ие болуы да ғажап емес, Ольга Серебренникова әр гүлге жан жылуын, көңіл шуағын қоса құяды.

Талдықорғандықтар ауласын гүлденген баққа айналдыруда

11 жыл ішінде әуесқой бағбан жүздеген түрлі гүл өсіріп келеді, оның өз туған жері мен өз қаласына деген сүйіспеншілігі көпке үлгі болып отыр, мұндай игі іс бос жатқан жер учаскесін тиімді пайдалансақ деген ниеттен басталған дейді.

Талдықорғандықтар ауласын гүлденген баққа айналдыруда

Облыс орталығының тағы бір тұрғыны өз ауласын көгалдандырумен 15 жылдан бері айналысып келеді, ол 50 сотық жерге үлкен гүлзар жасап, жеміс ағаштарын өсіріп отыр, Ләззат Асанова көшесіндегі № 69 көп қабатты үйдің ауласын гүлді баққа айналдыру үшін Татьяна Ибрагимованың қанша тер төккенін гүлзарға қарағаннан-ақ ұғыну қиын емес, гүл өсірушінің өзі мұнымен шектелмейтінін айтады, өзінің туған қаласына деген сүйіспеншіліктің айқын үлгісін көрсетіп, гүлдің жаңа сорттарын отырғызуды жалғастырмақшы.

Жалпы Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, биыл облыс орталығында «Үлгілі аула» байқауы өтеді, «Бұл байқаудың басты мақсаты - қаланың кескін-келбетін жақсарта түсу,  аулалардың таза, әрі жинақы болуын насихаттау, сондай-ақ, аула аумақтарының санитарлық жағдайы мен көгалдандырылуын, абаттандырылуын қолға алу», - дейді сала мамандары.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жетісу облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір