• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:46:45
Алматы
+12°

26 Маусым, 2024 NEWS

2025 жылдан бастап күнкөріс деңгейі басқаша есептеледі

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты.

Көрнекі сурет

Оның сөзінше, мемлекет азаматтармыз алдындағы барша әлеуметтік міндеттемелерін толық орындап келеді.

- Әрбір бесінші қазақстандық мемлекеттен әлеуметтік қолдау алып жатыр. Оның қолжетімділігін арттыруда цифрлық өнімдерді енгізу тиімді. Былтыр бұл саладағы цифрландыру нәтижелері БҰҰ және халықаралық институттардың оң бағасын алып, өзге елдерге үлгі етіп көрсетіліп келеді, - деп айтты вице-премьер.

Бүгінде әлеуметтік қолдаудың 27 түрі бойынша қызмет проактивті формат аясында жүргізіліп келеді.

- Былтыр Мемлекет басшысының жолдауында қарастырылып, өздеріңіздің тараптарыңыздан қолдау тапқан қауіпті жұмыс орындардағы қызметкерлердің арнаулы жәрдем ақылары биылдың басынан төленіп жатыр. Бүгінде оны алушылардың саны 7 140 адамға жетіп, ол мақсатқа 1,2 млрд тенге қаржы жұмсалды. Бұл жұмыс жалғасып жатыр. Негізгі стандарт болып қолданылатын күнкөріс деңгейі бойынша айтқан сындарыңыз бойынша да өзгерістер қаралып жатыр. Яғни Әлеуметтік Кодексте қаралғандай, ендігі жылдан медиандық табысқа өту механизмдері пысықталып жатыр, - деді Дүйсенова.

Бұл халықтың табыс деңгейінің нақты көрсеткіші ретінде халықаралық практикада атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда қолданылады. Қазақстанда кезең-кезеңімен осы механизм енгізілмек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір