• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 16:12:24
Алматы
+12°

18 Маусым, 2024 NEWS

Жолдарда сапалы ұялы байланыс пен мобильді интернет болуы тиіс – Үкімет басшысы

Республикалық және негізгі облыстық жолдарда сапалы ұялы байланыс пен мобильді Интернет болуы тиіс. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.

Фото: ашық дереккөзден

«Жылдам интернет цифрландырудың негізі саналады. Осы ретте сапалы байланыспен қамтамасыз ету мәселесі – стратегиялық маңызы бар міндет. Оны шешу үшін өткен жылы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы қабылданды. Енді осыны уақтылы іске асыру – Цифрлық даму министрлігінің міндеті. Барлық іс-шараны орындау нәтижесінде 2027 жылға қарай елді мекендер мен жолдарды байланыс желілерімен қамту 100 пайызға жетеді. Осы орайда тұрғындар жылдам, 100 Мбит/секундтан кем болмайтын интернетпен қамтамасыз етілуі керек», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар премьер-министр республикалық және негізгі облыстық жолдарда сапалы ұялы байланыс пен мобильді интернет болуы тиіс екенін баса айтты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жол сапасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір