18 Маусым, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың қызына тиесілі құны 339 миллион теңге болатын жер телімі тәркіленді. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді.
Алты айда жалпы көлемі 12,5 мың гектар болатын пайдаланылмай жатқан 155 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған. Жер телімдерінің жалпы құны 2,5 миллиард теңгені құрайды.
Мысалы Қонаевтағы кәсіпорындардың біріне 2020 жылы су электр стансасын салуға берілген 500 гектар жерге осы уақытқа дейін ештеңе салынбаған.
Сондай-ақ, Іле ауданындағы алты жылдан бері пайдаланылмай тұрған 339 миллион теңге болатын учаске де мемлкеткет меншігіне өтті. Бұл жер учаскесі Алматы облысының бұрынғы әкімінің қызы Сайора Баталованың "Solid Cristal" ЖШС-не тиесілі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір