12 Маусым, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ресей президенті Владимир Путин Түркия презденті Режеп Тайип Ердоғанмен шілде айында Астанада өтетін саммитте кездесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы interfax.ru агенттігі хабарлады.
"Менің білуімше, 3-4 шілдеде Ердоған халықаралық шара аясында Астанаға келуі керек. Сол кезде онымен кездесуге мүмкіндік туады деп үміттенемін. Барлық өзекті мәселені талқылаймыз", – деді Путин Түркия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Хакан Фиданмен кездесуінде.
Еске сала кетейік, 3-4 шілде аралығында Астанада Шынхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір