• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:29:10
Алматы
+12°

16 Мамыр, 2024 Алматы

Фото: Алматы қаласының баспасөз қызметі

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыра отырып, шетелден қаржы көзін тартудың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде ұдайы айтып, тиісті тапсырмалар беріп келеді. Осы орайда, Алматы қаласында инвестиция тартуға қатысты келелі жұмыстар атқарылып келеді. Қала әкімі Ерболат Досаев Қазақстандағы шетелдердің Бас және Құрметті консулдарымен басым жобаларға инвестиция тартуға қатысты мәселе көтерді.

Алматы қаласының серіктестікке әркез ашық екенін айтып, «Бір терезе» қағидаты бойынша кеңес беретін Almaty Buisness Development Center инвесторларына арналған қалалық фронт кеңсесін ұсынды.

Ондағы даму жоспарына жедел қоғамдық көлік жүйесін құру жүйесін құру индустриялдық аймақты 40 пайыз кеңейту  мен қаладағы экологиялық ахуалды жақсарту басты орын алады.

Ауаның сапасын жақсарту мен мегаполистегі ластану деңгейін төмендету бойынша «Жасыл» жобалар мен бастамаларды құруға, сондай-ақ «Смарт ситиді» құруда жұмыс орындарын  ашу мен цифрлы жобаларды дамытуға  баса назар аударылды.

Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстан Республикасы Сытқы істер министрлігі өкілдері, түрлі елдердің Бас және Құрметті консулдары сөз сөйлеу барысында Алматының қарқынды дамуы мен халықаралық байланыстарды нығайтуға қатысты пікірлерімен бөлісті.

Нәтижесінде, стратегиялық әріптестік пен орнықты экономикалық өсім Алматы қаласы үшін басты басымдықтардың бірі болып қалады.

Сондықтан да, Алматы қаласының серіктестік қызметтері арқылы мегаполистегі жұмыстар дамитыны сөзсіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір